АБАЙ МҰРАСЫ- ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

  • 27.02.2024 15:00
  • Филология факультеті

image

Бүгін Филология факультетінің  ұйымдастырумен «Абай мұрасы- ұрпаққа ұлағат» атты концерттік бағдарлама өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Абайдың саналы ғұмыры мен ұлы шығармашылығын жастардың арасында дәріптеу.

Шығармашылық кештің алғы сөзін алған әлеуметтік-даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев Абай Құнанбайұлының «Толық адам» тағылымының мән-маңызы жайында тарқата айтты.

Аталмыш кеште 09-23 ақпан күндері арасында білім алушылар арасында өткізілген Абайдың «толық адам» концепсиясы мен көркемдік-эстетикалық құндылықтарын меңгерту және жастардың шығармашылық қасиетін дамыту мақсатында «Абайдың толық адам ілімі және қазіргі қоғам» атты эссе байқауының нәтижесі жарияланды. Қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде жазылған 30-ға жуық жазба жұмысының арасында үшінші орынды Ағынай Аян, екінші орынды Ақбота Мұрат, бірінші орынды Аружан Қожахмет иемденді.

Белгілі абайтанушы, ғалым Мақсат Әліпхан Абай өлеңдерін талдап, оның жастарға берер құндылықтарын баяндады.

Шара соңында Абай әндері шырқалып, күй тартылды.