Өзгеріп жатқан әлемдік тәртіптегі консулдық мамандығы



2026 жылдың 2 қараша күні сағат 14:30-16:00 аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, С.Пірәлиев атындағы конференц-залда Халықаралық қатынастар кафедрасының ұйымдастыруымен Түркия Республикасының Түркістан қаласындағы Бас консулы Левент Гюрканның қатысуымен "Өзгермелі әлемдік тәртіп жағдайындағы консулдық қызмет" тақырыбында семинар өткізіледі.
Бұл семинардың негізгі мақсаты – студенттеріміздің консулдық қызметтер туралы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және мамандық талаптарын тікелей өкілетті тұлғадан тыңдауға мүмкіндік беру. Бағдарлама барысында консулдық мекемелердің құрылымы, халықаралық дипломатиялық қатынастардағы орны, консулдық құқық пен қолданыстағы тәжірибелер жан-жақты талқыланып, қатысушылар өз сұрақтарын қоюға және кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.
Іс-шараға университет оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысады.
Экономика және басқару факультеті, Халықаралық қатынастар кафедрасы

.png)