❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Қауіпсіз қоғам әрқайсымыздан басталады!

  • 30.10.2026 12:30
  • Филология факультеті

image

2026 жылғы 30 қазанда ФРФ-621 тобында «Қауіпсіз қоғам: буллинг пен киберқауіптердің алдын алу» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті. Іс-шараны топ кураторы Кулахметова Х. И. өткізді.

Кездесу барысында студенттер буллингтің себептері мен салдарын, цифрлық қауіпсіздік мәселелерін және киберқауіптерге қарсы тұру жолдарын талқылады. Қарым-қатынас мәдениетіне, өзара құрмет пен жеке жауапкершілікке ерекше назар аударылды.

Өмірлік жағдайларды талқылау барысында қатысушылар қолдау көрсету мен айналадағы адамдарға бейжай қарамаудың маңызын жаңаша түсінді.

Қауіпсіз орта бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыздан басталады.