❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті

  • 04.11.2026 12:30
  • 126 аудитория

image

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасында «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін терең түсіндіру, заңға құрметпен қарауға және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ашық тәрбие сағатына Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканы Э. Зулпыхарова, декан орынбасары З. Бакирова, Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Б. Ауезов және Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары А.Жумадуллаева, Г.Мейрбекова, Г.Абдуллиналар қатысты.

Тәрбие сағаты барысында факультет деканы Э. Зулпыхарова, Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының меңгерушісі М. Сұлтанбек және қатысушылар тақырып аясында өз ой-пікірлерімен бөлісті. Олар білім алушыларға өз құқықтарын білу, міндеттерін жауапкершілікпен орындау, заң талаптарын сақтау және қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілікті сезінудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, «Бастауышта білім беру» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша пікір алмасты.

Ұйымдастырушылар: Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының меңгерушісі М. Сұлтанбек және «Бастауышта білім беру» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, өз құқықтары мен міндеттерін білетін, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.