«ЖАС АҚЫН – ЖАҢА ТУҒАН АЙ СИЯҚТЫ» АТТЫ ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ

  • 15.03.2024 12:43
  • Журналистика кафедрасы

image

Бүгін университетімізде Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Жас ақын – жаңа туған ай сияқты» атты поэзия кеші өтті.
Жыр шумақтарынан шашу шашылған рухани кеште Журналистика кафедрасының студенттері қазақ поэзиясымен қатар, шетел поэзиясынан да өлеңдер оқыды.

Талантты студенттер Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова сынды өзге де қазақ ақындарының шығармашылығынан сыр шертті. Сонымен қатар, орыс, қырғыз, түрік ақындарының өлең жолдарын оқыды. Сахна төрінде әсем әндер шырқап, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ, ақын студенттер өз шығармашылығынан махаббат, достық, патриоттық тақырыптарда өлеңдер оқыды.

Кеш соңын студенттер «Бір үйдің баласындай» әнімен, ерекше леппен аяқтады.