❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІ ВИЦЕ-РЕКТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

  • 02.11.2026 16:00
  • Лесбек Тәшімұлы атындағы конференция залы

image

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Спорт факультетінде Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Қайсарбайқызы бастаған Академиялық департамент мамандарының 1-курс студенттерімен маңызды кездесуі өтті.

Кездесудің басты мақсаты – білім алушыларды университеттің миссиясы мен құндылықтарымен, стратегиялық даму бағыттарымен, академиялық саясатымен және оқу үдерісінің негізгі талаптарымен таныстыру.

Жиын барысында вице-ректор сапалы білім алудың, академиялық адалдықты сақтаудың және жауапкершілікті сезінудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Университеттің негізгі құндылықтары – серіктестік пен құрмет, ашықтық пен сенім, әділдік пен адалдық, біліктілік пен еңбекқорлық, инновация мен бейімделгіштік қағидаларының білім алушылардың тұлғалық қалыптасуы мен кәсіби дамуындағы маңызы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар студенттерге 2026–2027 оқу жылының академиялық күнтізбесі, білімді бағалау жүйесі, емтихан сессияларының тәртібі, академиялық ережелер мен кәсіби іс-тәжірибеден өту талаптары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Халықаралық мүмкіндіктерге де ерекше назар аударылды. Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламалары, шетелдік университеттермен ынтымақтастық, тілдік құзыреттілікті дамыту және Түркия Республикасында білім алу мүмкіндіктерімен танысты.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында жалғасып, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, академиялық талаптар мен білім алу мүмкіндіктері туралы нақты жауаптар алды.

Мұндай кездесулер білім алушылардың университет өміріне бейімделуіне, академиялық жауапкершілігін арттыруына және білім алу үдерісін тиімді ұйымдастыруына маңызды ықпал етеді.