❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Университет пен кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастық

  • 18.09.2026 10:36
  • Ботаникалық бақ

image

Университет пен кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастық

Сарыағаш ауданының кәсіпкері, «Нұржан» шаруа қожалығының басшысы Умаров Нұржан университетімізге арнайы келіп, Ботаникалық бақ ҒЗИ мен коммерцияландыру бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

 Кездесу барысында Ботаникалық бақ ҒЗИ және Коммерцияландыру офисінің басшылығы қонақтарға университеттің ботаникалық бағын таныстырып, өсімдіктерді өсіру және күтіп-баптау үдерістерін көрсетті. Сондай-ақ бақ аумағындағы өндірістік цехтың жұмысымен танысып, өндірілетін өнімдер туралы ақпарат берілді.

 Бұдан бөлек, зертханаға жауапты маман биотехнология бағыты бойынша жаңадан құрылған зертханада жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын таныстырды. Атап айтқанда, өсімдіктер мен көшеттердегі ауруларды анықтау, олардың алдын алу және зертханалық сараптама жүргізу бағытындағы қызметтер туралы мәлімет берілді.

 Кездесу барысында ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру, зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу және кәсіпкерлермен бірлескен жобаларды дамыту мәселелері талқыланды.

 Жиын соңында кәсіпкерлер өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, университетпен тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты.