«КӘРІС КЕЛІН» ФИЛЬМІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

  • 19.03.2024 16:30
  • Мәдениет сарайы

image

Бүгін университетімізде «TURKISTAN» телеарнасының төлтуындысы «Кәріс келін» фильмінің көрсетілімі өтті.

Көрсетілімнің басында сөз алған әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев туындының көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленуіне тілектестігін білдіріп, телеарна ұжымына өз алғысын жеткізді. «Turkistan Media Holding» ЖШС-ның басқарушы директоры Тельман Бейсенов фильмнің көрсетіліміне қолдау білдірген университет басшылығы мен ұжымына ризашылығын білдірді.

Комедиялық мелодрама жанрындағы фильм шынайы оқиғаларға негізделген. Сәкен есімді түлкібастық жігіт пен Суджин есімді кореялық қыздың арасындағы махаббат сезімі баяндалады.