ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ



ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
Оқу ордамыздың ботаникалық бағында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып келе жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Таза Қазақстан – таза орта, ортақ жауапкершілік» атты ауқымды сенбілік өтті.
Шараның мақсаты – қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу. Сондай-ақ, студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Экологиялық акцияға Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов, жауапты хатшы м. а. Эндер Сайын, Ботаникалық бақ ғылыми-зерттеу институты мен Жастар департаменті қызметкерлері, декан орынбасарлары мен белсенді студенттер, еріктілер қатысты.
Шара барысында Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов ең алдымен эко-акция шарасына белсене атсалысып жатқан университет ұжымы мен белсенді жастарға алғыс айтты.