❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

УНИВЕРСИТЕТТЕ АГРОТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

  • 03.11.2026 14:00
  • Ботаникалық бақ

image

УНИВЕРСИТЕТТЕ АГРОТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 Коммерцияландыру офисінің ұйымдастыруымен Eurasia Group Kazakhstan компаниясының өкілдері және Германияның UfU университетінің серіктесімен жұмыс кездесуі өтті.

 Кездесуге университет ғалымдары және Eurasia Group Kazakhstan компаниясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік директоры Әсемгүл Ерболқызы, Eurasia Group AG бас кеңсесінің бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Светлана Яхонтова және UfU университетінің серіктесі Sami Celticoglu қатысты.

 Кездесуде университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін агроөнеркәсіптік сектордың сұраныстарымен ұштастыру, топырақ зерттеулері, дәлме-дәл егіншілік, ауыл шаруашылығын цифрландыру және көміртекті егіншілік бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

 Сонымен қатар Stenon FarmLab заманауи топырақ анализаторының мүмкіндіктері таныстырылып, университеттің ғылыми зертханалары мен ботаникалық бақтың әлеуетін бірлескен жобаларда пайдалану, ғылыми әзірлемелерді тәжірибеде сынақтан өткізу және өндіріске енгізу мәселелері қарастырылды.

 Кездесу қорытындысында тараптар агротехнологиялық инновациялар мен қолданбалы зерттеулер бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік білдірді.