❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ЖАС ТҮРКОЛОГТАР ҮШІН АРНАЙЫ МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

  • 24.10.2026 10:00
  • ТҮРКІСТАН

image

Университетімізде өткен V Халықаралық жас түркологтар конференциясының пленарлық және секциялық отырыстары өз мәресіне жетті.

Ғылыми жиыннан кейін, 23–24 қазан күндері конференцияға қатысушыларға арналған арнайы мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында шетелдік қонақтар Түркістан қаласының тарихи-мәдени орындарын аралап, өңірдің бай рухани мұрасымен, тарихымен және ұлттық құндылықтарымен танысты.

Ұйымдастырылған мәдени іс-шаралар жас зерттеушілер арасындағы халықаралық байланысты нығайтуға, ғылыми және мәдени тәжірибе алмасуға, сондай-ақ түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениетін тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.