«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Медицина факультетінің білім алушыларына экологиялық тәрбие сағаты өткізілді. Оны Жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Экология және химия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Н. Әбдімүтәліп жүргізді.
Кездесуде қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Іс-шара білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғаудағы жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Факультеттің Instagram парақшасындағы бейне