2024-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛҚЫЛАУ

Аталған кездесуде «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі» директор Кенжалиев А.Т., директордың оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Жакыпбеков Б.Т., директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Еркебалаев Д.Н., директордың оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Надирбаев Ч.Е., бөлімше меңгерушісі Есенқұлова А.О., бас бухгалтер Байкенжеева И.К., әдіскер Дүйсенбай Ф.М., аграрлық бөлімше меңгерушісі Әділбекова Қ.Ә., бөлімше меңгерушісі Керімбек І.У., кадрлар бөлімінің меңгерушісі Сұлтанбек Б.Ә. қатысып өз ойларымен бөлісті.
Кездесу барысында «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі» мекемесінде бөлімшелерін аралап инфрақұрылыммен және процестермен жүргізілуіне, жоспарлармен және перспективалармен танысу, қызметкерлерге жоспарланған стратегиялық сессия, Стратегиялық жоспардың орындалуына, 2024 жылдың ақпанында бекітілген Даму бағдарламасы, жобаларды басқару саласындағы принциптер мен тәсілдер, басқару әдістемелерінде қолданылатын негізгі құралдар, стратегиялық бағыттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтау және мониторинг жүйесі, жауапкершілік және ұйымның уәкілеттіктерінің орындалуына т.б. процестердің жүргізілуіне мән берілді.
Сонымен қатар комплаенс-офицері, тәуекел-менеджері Кырыкбаев М.Т «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі» мекемесі қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару негіздері бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді, қауіпсіздік мәдениетін бағалау және университеттің комплаенс қызметінің өзекті мәселелері қамтылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау жөніндегі жыл сайынғы декларация бойынша ақпарат берілді, қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жадынамамен таныстырылды.
Комплаенс-офицер, тәуекел-менеджері Кырыкбаев М.Т. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық көріністерінде маңыздылығы атап өтті. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту бойынша шаралар қабылданады және қабылданатын болады. Семинар-мәжіліске қатысушыларға мынадай ұғымдар түсіндірілді:
— сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар;
— пара алу;
— пара беру;
— пара ұғымына не кіреді;
— пара алу және беру үшін жауапкершілік. Семинар-мәжіліс соңында пара ұсынған немесе бопсалаған жағдайда қажетті әрекеттер мен шаралар туралы айтылды.
Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығы және комплаенс-офицер, тәуекел-менеджері