СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ МЕН ТӘУЕКЕЛ МЕНЕДЖМЕНТІ БОЙЫНША ОҚУ КУРСЫ ӨТТІ

  • 19.04.2024 17:06
  • Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығы

image

Ясауи Университеті Шымкент кампусы Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультетінде қызметкерлермен комплаенс-офицері, тәуекел-менеджері Кырыкбаев М.Т.,  Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығының (СРСО) басшысы Кырыкбаева С.С стратегиялық сессия және жоғары білім және ғылым ұйымдарында тәуекелдерді басқару негіздері бойынша оқу курсын өткізді. 

Кездесу барысында стратегиялық сессия және тәуекел менеджменті бойынша оқыту, жедел менеджментті жақсарту жобаларын талқылау, стратегиялық дамуын талқылау, қызметін жетілдіру трендтері мен мүмкіндіктері қарастырылды.

Сонымен қатар, комплаенс-офицері, тәуекел-менеджері Кырыкбаев М.Т қызметкерлерге тәуекелдерді басқару негіздері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қауіпсіздік мәдениетін бағалау және университеттің комплаенс қызметінің өзекті мәселелері қамтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау жөніндегі жыл сайынғы декларация бойынша ақпарат берілді. Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл бойынша жадынамамен таныстырылды.

Комплаенс-офицер, тәуекел-менеджері Кырыкбаев М.Т. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық көріністерінде маңыздылығы атап өтті. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту бойынша шаралар қабылданады және қабылданатын болады. Семинар-мәжіліске қатысушыларға мынадай ұғымдар түсіндірілді:

— сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар;

— пара алу;

— пара беру;

— пара ұғымына не кіреді;

— пара алу және беру үшін жауапкершілік. Семинар-мәжіліс соңында пара ұсынған немесе бопсалаған жағдайда қажетті әрекеттер мен шаралар туралы айтылды. 

Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығы және комплаенс-офицер, тәуекел-менеджері