ХАДЖЕТТЕПЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
![image](admin/resimler/etkinlikler/buyuk/663093c73ee85SEMINAR_OTKIZDI_1.jpg)
«Түрік заң тарихының концепсиялары» тақырыбында өткен семинар кітапхананың мәжіліс залында өтті.
«Ана жұрттан ата жұртқа - білім көпірі» бағдарламасы аясында келген профессор түрік тарихының жалпы сызбалары, тарих бойында құрылған түрік мемлекеттеріндегі құқық және қоғамдық өмір, Осман империясының құрылу барысы, Осман империясы мен Түркістан хандықтары арасындағы қарым-қатынастар сияқты тақырыптарында кең көлемде ақпарат берді.
Конференция соңында студенттер ғалымға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Айта кетейік, бұл игі бастама басқа факультеттерде де өз жалғасын табады.