АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ХИКМЕТТЕРІН ЖАТҚА АЙТУ, МӘНЕРЛЕП ОҚУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

  • 17.05.2024 16:30
  • Филология факультеті

image

Университетімізде Филология факультеті Түрік филологиясы кафедрасының PhD., аға оқытушысы Е. Алашбаевтың ұйымдастыруымен қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар сопылық поэзияның негізін салушы, рухани ұстаз болған ұлы ойшыл, діни қайраткер Қожа Ахмет Ясауи және оның хикметтерін жатқа айту, мәнерлеп оқу бойынша дөңгелек үстел өтті

Басты мақсат –  Қожа Ахмет Ясауидің түрік әдебиетіндегі орнын баяндау. Ясауи атындағы университетте біліммен нәрленіп жүрген студент жастарға Ясауи хикметтерінің маңызын кеңінен насихаттау, студенттер арасында оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.

Аталмыш жиынға Түрік филологиясы ФТФ топтарының студенттері қатысты. Ең алдымен Ясауи жайлы бейнебаян көрсетіліп, шара оның  хикметтерін мәнерлеп оқу және жатқа айтумен жалғасты. Ясауидің түркі әдебиетінде және тілінің сақталып қалуында сіңірген орасан еңбегі мен хикметтерінің маңызы түсіндірілді. 

Іс-шара соңында қатысушыларға университетіміздің арнайы сыйлықтары табысталды.