УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ «ОРХУН» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫТУШЫЛАР КЕЛДІ

  • 23.05.2024 18:42
  • кафедралар

image

Оқу ордамызға 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркиядан Ататүрік және Эрзурум университеттерінен білім алмасу барысында оқытушы-профессорлар келді.

 Іс-сапар барысында доцент, докторлар Түрік тілі және әдебиеті, Халықаралық қатынастар, Туризм және менеджмент, Педагогика және психология кафедраларының студенттеріне 2 апта бойы дәрістер, семинар, тренинг және мастер кластар жүргізеді.

Түркиялық оқытушылардың қатарында  доцент, докторлар Сыддыр Бакыр пен Аднан Ташкын, Ахмет Чавуш және  PhD оқытушы Мүге Иуже бар.

Халықаралық қатынастар кафедрасына қарасты білімгерлер мен оқытушы-профессорларға Мүге Иуже «Avrupa Birliği ve Türk Dünyası İlişkilerinin Geleceği» тақырыбында, ал Педагогика және психология кафедрасына Аднан Ташкын «Yüzyıl Öğretmen ve Öğrenenleri»Сыддыр Бакыр Түрік тілі және әдебиеті  кафедрасына «Халықаралық туризм және менеджмент»  атты семинарлар өтті.