УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ 2024-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ БОЙЫНША СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ ӨТТІ

  • 28.05.2024 13:52
  • Кітапхана

image

27-28 мамыр аралығында университетіміздің Кітапхана coworkinq залында университетіміздің 2024-2029 жылдарға арналған Даму бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру іс-шараларын талқылау бойынша стратегиялық сессия ұйымдастырылды.

Стратегиялық сессияға оқу орда басшылығы, факультет декандары, департамент, ҒЗИ/ҒЗО директорлары, құрылымдық бөлім басшылары қатысты. Шараны университет ректоры Темірбекова Жанар Амангелдіқызы ашып берді.

Негізгі мақсат – университеттің 2024-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың 1 кезеңінде пайда болған мәселелердің шешімін табу және іске асыру жолын анықтау

Сессияның алғашқы күні сессияға қатысушылардан 7 топ құрылып, әр топ Даму бағдарламасының 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі іске асырудың 1 кезеңіне арналған стратегиялық бағыттарының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін нақты қадамдарды әзірлеу іс-шаралар жоспарын әзірлеп талқылады.

Стратегиялық сессияның екінші күнінде факультет декандары факультеттердегі индикаторларды іске асырудағы үздік тәжірибиелерімен бөлісті. Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Ошибаева Айнаш Есимбековна факультет ББ-ның, ҒЗИ қызмет саласы бойынша ағымдағы жай-күйін талдау нәтижелерін ұсынды. Бекітілген Даму бағдарламасын іске асыру кезеңінде факультеттердің, ҒЗИ стратегияларын қалыптастыру үшін әр факультетпен ҒЗИ/ҒЗО қызметтері үшін маңызды трендтер, сондай-ақ күшті және әлсіз жақтары бойынша SWOT талдау жасап оны таныстырып өтті. Алдағы уақыттарда факульттер мен ҒЗИ жұмыс тобын құрып, өздерінің стратегияларын әзірлеп ұсынады.

Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығы