«МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАҒЫ ІШКІ АУДИТ» АТТЫ ОҚЫТУ СЕМИНАР ТРЕНИНГІ ӨТТІ

  • 31.05.2024 11:27
  • Кітапхана

image

Университетімізде «Медициналық қызмет көрсетудің сапасын бақылау және медициналық ұйымдағы ішкі аудит» атты семинар өтті.

30-31 мамыр күндері өткен оқыту семинар тренингке медицина ұйымдарының басшылары, орынбасарлары және ішкі бақылау қызметінің қызметкерлері қатысты.

Семинар аясында лектор Кырыкбаева Салтанат Саятқызы MD, PhD Ахмет Ясауи университеті Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығының басшысы қатысушыларға медициналық ұйымдардағы ішкі аудиттің мүмкіндіктері, құралдары мен әдістері туралы толық ақпарат берді. Семинарға қатысушылар өздерінің клиникалық жұмысында осы құралдарды барынша пайдалану үшін құнды білім мен дағдыларға ие болды. 

Жиын соңында қатысушыларға біліктігін арттырғаныны туралы сертификаттар табысталды.

Ұйымдастырушылар семинардың барлық қатысушыларына өз дағдыларын жетілдіруге белсенді қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреді.

 

Коммерцияландыру офисі «Ақылы қызмет көрсету және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу секторы»