УНИВЕСИТЕТІМІЗГЕ «ЭРАСМУС +» АКАДЕМИЯЛЫҚ АЛМАСУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫТУШЫ КЕЛДІ

Іс-сапар барысында доктор Джейхун Ведат Уйгур Филология факультеті, түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне дәрістер, семинар, тренинг және мастер кластар жүргізді.
Профессор семинарында: Көне түрік (көктүрік-ұйғыр) пен қазақ тілі арасындағы лексикалық салыстыру, Көне түрік (көктүрік-ұйғыр) пен қазақ тілін фонетикалық салыстыру, Көне түрік (көктүрік-ұйғыр) пен қазақ тілін морфологиялық салыстыру, Латын негізіндегі жаңа қазақ әліпбиі туралы баяндады. Қатысушылардың ойын тыңдап, сауалдарына жауап берді.