❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Жасөспірімдер, жеткіншектер арасындағы «Буллинг» және «Кибербуллинг»

  • 30.09.2024 18:00
  • №1, №2 жатақхана

image

Қыркүйек айының 30 жұлдызында Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетіне қарасты «Педагогика және психология» кафедрасы студенттер жатақханасында «Жасөспірімдер, жеткіншектер арасындағы «Буллинг» және «Кибербуллинг» атты айтулы іс-шара ұйымдастырды. Аталмыш шараға кафедраның оқытушылары мен студенттері, деканат өкілдері қатысты. Жастар арасындағы өзекті мәселеге айналған «Буллинг» мәселесіне студенттердің бейжай қарамай атсалысуы көпті қуантты. Кафедраның 1-ші курс студенттері өмірден алынған көрініс көрсетсе, жоғары курс студенттері өздері дайындап келген презентацияларын ұсынды. Кеш соңы әсем әнге ұласты.