Докторанттардың зерттеу тақырыптарын талқылауға арналған кеңейтілген мәжіліс өтті



Бүгін «Тарих» кафедрасы докторанттардың зерттеу тақырыптарын талқылауға арналған кеңейтілген мәжіліс өткізді. Мәжіліске кафедра меңгерушісі, мәжіліс төрағасы Асель Нурдуллақызы Джумадуллаева, сондай-ақ шақырылған ғалымдар мен факультет өкілдері қатысты.
Іс-шараға:
Кеңейтілген мәжілістің негізгі мақсаты - докторанттардың зерттеу тақырыптарын қазіргі педагогикалық ғылымның өзекті бағыттарымен үйлестіру, тақырыптарға қажетті түзетулер енгізу, сондай-ақ ғылыми нәтижелердің білім беру жүйесіне қосатын үлесін айқындау.
Қазіргі білім беру кеңістігі ғылымды практикамен ұштастыруды талап ететіндіктен, мәжіліс барысында докторанттардың тақырыптарының педагогикалық әлеуеті, оқу процесін жетілдіруге қосатын мүмкіндіктері, зерттеулердің әдістемелік негіздері мен өзектілігі жан-жақты талқыланды.
Жиын соңында қатысушылар тиімді ұсыныстар беріп, докторанттардың алдағы ғылыми жұмыстарын жетілдіруге бағытталған пікірлерімен бөлісті.
Барша қатысушыларға жемісті жұмыс тілейміз!