❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ: ПРОФЕССОР СЕРІК АҚНАЗАРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

  • 04.12.2025
  • KZ
  • 1991

image

Қожа Ахмет Ясауи университетінде Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, профессор Ақназаров Серік Баянқұлұлын еске алуға арналған «Спорт пен парасаттың жарқын үлгісі» атты волейбол турнирі ұйымдастырылды. Шараға университет ұжымы, ұстаздың отбасы мүшелері, достары мен шәкірттері қатысып, ардақты тұлғаның жарқын бейнесін құрметпен еске алды.

Турнирдің басты мақсаты – марқұм ұстаздың спорт саласына сіңірген еңбегін ұлықтау, есімін дәріптеу және оқытушылар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау. Жарыс достық рухында өтіп, қатысушылар бірлігі мен ынтымағын арттыра түсті.