СТУДЕНТТЕРІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ



Самарқанд мемлекеттік медицина университеті ұйымдастырған білім бәсекесіне Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және өзге де елдердің жетекші университеттерінен барлығы 65 жоғары оқу орнынан 800-ге жуық студент қатысты.
Бәсекелестік жоғары деңгейде өткен халықаралық додада Медицина және Стоматология факультеттерінің студенттері кәсіби дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетіп, белсенділік танытты. Олимпиада қорытындысы бойынша университетіміздің 10 студенті жүлделі орын алып, оқу ордамыздың беделін тағы да асқақтатты.
Халықаралық деңгейдегі бұл іс-шара студенттердің ғылыми-теориялық білімін тереңдетіп, практикалық дағдыларын шыңдауға, сондай-ақ әлемдік медициналық білім кеңістігінде тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.