ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАСТАРЫ АБАЙДЫ ҰЛЫҚТАДЫ
Қазақ және орыс тілдері бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткен шараға екі кезеңдік сайыстан сүрінбей өткен тыңдаушылар қатысты.
Қазақ тілін небәрі үш ай көлемінде меңгеріп, А1 деңгейін аяқтап жатқан тыңдаушылар бұл кеште өз білімдерін іс жүзінде көрсете білді. Олар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін, тіпті поэмаларынан үзінділерді жатқа айтып, қазақ тілін қаншалықты меңгергендерін дәлелдеді.
Барлығы 23 тыңдаушы қатысқан кеш жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара соңында белсенді тыңдаушылар орталық директорының арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, Абай шығармаларының жинағы сыйға тартылды.
Аталған әдеби-танымдық кеш қазақ тілін шет тілі емес, туыс тіл ретінде оқытудың тиімділігін тағы бір рет айқындап, тілді елтанымдық әрі мәдениеттанымдық бағытта меңгертудің маңызын көрсетті.