УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ ӨТТІ

  • 20.03.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізде «Наурызнама» онкүндігі аясында Ұлттық спорт күніне орай іс-шара ұйымдастырылды.

Университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысқан бұл шарада ұлттық ойындардан жарыс өтті. 

Студентеріміз спорт кешенінде арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат, қол күресі, ләңгі тебу спорт түрлерінен өзара сайысқа түскен болса, «Түркі халықтарының зияткерлік ойындары» орталығында тоғызқұмалақ, мангала, бестемше ойындарынан бақ сынасты.

Әр спорт түрінен жеңімпаздар анықталды. Жүзден жүйрік шыққан білімгерлерге мақтау қағаздары мен арнайы сый-сияпаттар табысталды.

Ұлттық спорт – ұлттық рухтың, қайсарлық пен өжеттіліктің, ар мен намыстың, мәдениетіміз бен тарихымыздың көрінісі. Ұлттық спорт күні құтты болсын!