СТУДЕНТТЕРІМІЗ ҰЛТТЫҚ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОНГРЕСТЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

  • 27.03.2024
  • KZ

image

Университетіміздің таланатты студенттері Қазақстанның медициналық ЖОО стоматология  факультеті студенттерінің арасында өткен  III Ұлттық Стоматологиялық Конгресте  жүлделі орындарға ие болды.

Университет ректоры Жанар Темірбекова жеңіспен келген білімгерлерді арнайы қабылдап, құттықтады.

16-17 наурыз күндері Семей медицина университетінде алғаш рет жас стоматологтар мен студенттердің III Ұлттық конгресі өтті. Басты мақсаты – стоматологиядағы теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды тереңдету және дамыту. Ал, негізгі міндеттері – қатысушылардың зерттеушілік, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, стоматологиялық дағдыларын жетілдіру.

Айта кетейік, конгреске «Стоматология» мамандығы бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының ең белсенді және үздік өкілдері қатысты.

Конгресте 9 университеттің жастары хирургия, терапия-рестабрация және ғылыми зерттеу (жоба қорғау) бағыттары бойынша  өзара бақ сынасты.

Университетіміздің Стоматология факультетінің студенттері әрі «Шаңырақ» клубтар бірлестігіне қарасты «DAS YASAWI» стоматологиялық ассоцациясының мүшелері жүлделі орындармен оралды.   Хирургия бағыты бойынша 5-курс студенттері Ақын Әли мен  Айшенур Оздин  2-орынды, ал ғылыми жоба бойынша 5-курс студенті Иса Арыстан мен 3-курс студенті Мейірбек Жанізет 3-орынды жеңіп алды.

Жеңімпаз атанған білімді студенттеріміз  шын жүректен құттықтаймыз!