❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

«Қазақ Ордасының заңдары»

  • 15.12.2025
  • KZ
  • 1801

2025 жылы 4–5 желтоқсан күндері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында өткен «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет мәселелері» атты халықаралық симпозиумда «Қазақ Ордасының заңдары» тақырыбында ресми баяндама жасадым.
Баяндама барысында Қазақ Ордасының құқықтық жүйесінің тарихи қалыптасуы, билердің құқықтық мәдениетті дамытудағы рөлі, сондай-ақ дәстүрлі құқық нормаларының мемлекеттік басқарудағы маңызы жөніндегі негізгі тұжырымдарымды ұсынылды. Далалық құқықтың әділдікке, парасаттылыққа және қоғамдағы келісім қағидаттарына негізделуі – бүгінгі ұлттық құқықтық жүйенің маңызды рухани тіректерінің бірі екендігі атап өтілді.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған бұл ғылыми алаңда пікір алмасу, тарихи-құқықтық мұраны жаңаша пайымдау және оны заманауи құқықтық кеңістікпен байланыстыру бағытында нәтижелі жұмыс жүргізілді.Akilbek Ysabekov2025 жылы 4–5 желтоқсан күндері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында өткен «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет мәселелері» атты халықаралық симпозиумда «Қазақ Ордасының заңдары» тақырыбында ресми баяндама жасадым.
Баяндама барысында Қазақ Ордасының құқықтық жүйесінің тарихи қалыптасуы, билердің құқықтық мәдениетті дамытудағы рөлі, сондай-ақ дәстүрлі құқық нормаларының мемлекеттік басқарудағы маңызы жөніндегі негізгі тұжырымдарымды ұсынылды. Далалық құқықтың әділдікке, парасаттылыққа және қоғамдағы келісім қағидаттарына негізделуі – бүгінгі ұлттық құқықтық жүйенің маңызды рухани тіректерінің бірі екендігі атап өтілді.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған бұл ғылыми алаңда пікір алмасу, тарихи-құқықтық мұраны жаңаша пайымдау және оны заманауи құқықтық кеңістікпен байланыстыру бағытында нәтижелі жұмыс жүргізілді.Akilbek Ysabekov