❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Жасанды интеллект – болашақтың мамандығы

  • 12.01.2026
  • KZ
  • 746

image

Turkistan TV арнасының «Халық сөзі» бағдарламасында Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Компьютерлік инженерия кафедрасының меңгерушісі Ануарбек Аманов 2025–2026 оқу жылында «Жасанды интеллект» мамандығы ресми түрде ашылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта бұл мамандықта шамамен 30-ға жуық 1-курс студенті білім алуда. Студенттер заманауи жабдықталған зертханаларда тәжірибе жинақтап, нақты жобалармен жұмыс істеп, болашақта жасанды интеллект саласының білікті мамандары болып қалыптасуға мүмкіндік алады.