❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ҰЖЫМЫНА ҚОСЫЛДЫ

  • 13.01.2026
  • KZ
  • 43

image

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген және Халық әртісі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы университетіміздің ұжымына қосылды. 

Белгілі әнші алдағы уақытта Өнер, медиа және дизайн факультетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасында студенттерге дәріс береді.  Талантты жастарымызға кәсіби орындаушылық шеберліктің қыр-сырын үйретеді.

Сондай-ақ, вокалдық өнер саласындағы көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сағаттар өтеді. Бұл – оқу ордамызда білім алушы өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлес қосары анық.

Айта кетейік, Майра Мұхамедқызының университет ұжымына қосылуы – оқу ордамыздағы шығармашылық білім берудің сапасын арттыруға және болашақ мамандарды халықаралық деңгейде даярлауға бағытталған маңызды қадам. Бұл туралы университет ректоры Жанар Темірбекова айрықша атап өтті. Сондай-ақ, Майра Мұхамедқызының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, университет ұжымымен таныстырды.