2025 жылғы «Академиялық көшбасшылық және икемді дағдылар» бағдарлама аясында тренингтен өтті.



Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Медицина факультеті. Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасы.
2025 жылғы «Академиялық көшбасшылық және икемді дағдылар» бағдарлама аясында кафедра меңгерушісі қызметін атқарушы доцент Куандыкова Раушан Кенесбаевна 28 қазан - 23 желтоқтан аралығында тренингтен өтті. Тренингте:
- Академиялық көшбасшылық;
- Қызметкерлерді мотивациялау және эмоционалды интеллект;
- Университеттің стратегиялық мақсаттарына ұжымдық үлес;
- Командадағы сенім мен ынтымақтастық мәдениеті;
- Цифрлық трансформация және жасанды интеллект;
- Академиялық этика мен жауапкершілік;
- Уақыт пен басымдықты басқару: тиімді менеджердің дағдылары тақырыбы бойынша қарастырылды. Аталған тақырыптар терең әрі жүйелі түрде меңгеріліп, басқарушылық құзыреттілікті арттыруға, тиімді көшбасшылықты қалыптастыруға және кафедра жұмысының сапасын одан әрі жетілдіруге зор үлес қосады.