❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП: ҒЫЛЫМИ НӘТИЖЕЛЕРДІ НАСИХАТТАУ

  • 22.01.2026
  • KZ
  • 45

image

Қысқы мектеп аясында 4 модуль - «Ғылыми нәтижелерді насихаттау» тақырыбына арналды.

 

 Бірінші бөлімде Экология ғылыми-зерттеу институты доцент-зерттеушісі, PhD Жандос Тауанов, «Жас ғалымның жеке ғылыми бренді – доторантурадан кейінгі саты» тақырыбында баяндама жасады.

 

Жиын жас ғалымның ғылыми брендін қалыптастыру алғышартын түсінуге және постдокторантура сатысындағы мүмкіндіктермен танысуға бағытталды. 

 

Жоба басқаруда тәжірибесі мол спикер Жандос Тауанов: «Жеке ғылыми брендті қалыптастыруда «барлық бағытты зерттеймін» деп ойлау - қате. Негізгі тәсіл- өз ғылыми бағытыңды айқындау және оны халықаралық трендтермен байланыстыру.  Ғылыми конференцияларда сұрақ қою, воркшоптардағы белсенділік, авторларға кәсіби хат жазу, review/special issue жазуға қатысу мол мүмкіндіктерге жол ашады», - деді. 

 

Екінші бөлімде Жаратылыстану ғылымдары факультеті PhD постдокторант Серік Полатұлы «Ғылыми нәтижелерді насихаттау құралдары мен арналарын меңгеру басылымдардың көрінуін арттыру жолдары» презентациямен таныстырды. 

 

Спикер ғылыми жарияланымдардың көрінуін арттыруға арналған құралдар мен арналар туралы айтып, ORCID, Scopus Author ID, Google Scholar, Publons, Altmetrics платформаларын қолдану бойынша пайдалы тәжірибесімен бөлісті.

 

Модуль жас ғалымдарға ғылыми нәтижелерін халықаралық деңгейде ілгерілетуге қажетті нақты бағыт-бағдар берді.