СТУДЕНТТЕРІМІЗ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

  • 02.04.2024
  • KZ

image

Университетіміздің спортшылары Тараз қаласында 28-31 наурыз күндері өткен спорттық және жауынгерлік самбодан 2004-2005 жылы туылған жастар арасындағы ҚР чемпионатында жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, спорттық додаға барлығы – 18 команда, 450 спортшы қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша 47 кг салмақ дәрежесінде Шолпан Алтынбек пен 72 кг Ақбота Қыдырәлі 1-орынды жеңіп алды. Ал, ерлер арасында 98 кг Алмас Темірбай мен 58 кг Ахат Еркебұлан да 1- орынды қанжығаларына байлады. 80 кг Ұлбосын Абилова мен 65 кг салмақ дәрежесінде Әсемай Рустемова 2-орынды иемденді. 50 кг салмақта Айман Ибрагимова 3-орынға табан тіреді.

Спорттық сайыста жеңімпаз атанған студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!