LESLIE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭРАЗМУС+ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БАСТАЛДЫ

  • 03.04.2024
  • KZ

image

Ахмет Ясауи университетінде Эразмус+ №101129032 - LESLIE ERASMUS-EDU-2023-CBHE «Жер ресурстарын басқару, қоршаған орта және қатты қалдықтар: Орталық Азиядағы білім және бизнес аясында» (Land management, Environment & SoLId-WastE: inside education and business in Central Asia - LESLIE) жобасын іске асыру басталды.

Жобаның Еуропалық серіктестері: Валенсия Политехникалық университеті - Еуропалық координатор (UPV, Испания), Кипр университеті (UCY, Кипр), Кассино және Оңтүстік Лацио университеті (UNICAS, Италия). 

Қазақстан Республикасы серіктестері: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті және Орталық Азияның Аймақтық Экологиялық Орталығы.

Орталық Азия серіктестері: Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар Министрлігі және Өзбекстан Республикасының 5 ЖОО.

LESLIE жобасы жер ресурстарын және қалдықтарды тұрақты басқару саласында Орталық Азия: Қазақстан және Өзбекстанның жоғары оқу орындарында микро-кредиттік курстарды әзірлеу арқылы оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізуге бағытталған.

Ахмет Ясауи университетінде жоба жетекшісі профессор Нұрділлаева Р.Н., жоба орындаушылары: доцент м.а. Тойчибекова Ғ.Б., ХҚТУ профессоры Жылысбаева Г.Н., қауымдастырылған профессор Әбдімүтәліп Н.Ә., магистрант Әмірбек А.Б.

Валенсия Политехникалық университетінде 2024 жылдың 27-28 ақпан аралығында LESLIE жоба мүшелерінің алғашқы кездесуі өтті. Кездесуге Еуропалық Одақ және Орта Азия елдерінен (Испания, Италия, Кипр Республикасы, Қазақстан және Өзбекстан) 14 ұйым қатысты. Ахмет Ясауи университетінен кездесуге жоба жетекшісі, профессор Нұрділлаева Р.Н. және жоба орындаушысы Әмірбек А.Б. қатысты. 

LESLIE жобасының кездесуі жобаның бас координаторы, профессор Хавьер Родриго-Иларридің (UPV) басшылығымен өтті. Жобаның мақсаты, міндеттері және құрылымы таныстырылды, жұмыс пакеттері қаралды, жобаның логотипі бекітілді, алдағы уақытта орындалатын жұмыстардың тізімі талқыланды. Сонымен қатар, кездесуде Халықаралық орталық құру болашағы, SLM шағын-кредиттік курстары, SLM онлайн құралдар жинағы, жобаның мүдделі тараптар арасында әсері мен оның нәтижелерінің таралу аумағы талқыланды.

Жобаның мерзімі 36 ай, 01.01.2024-31.12.2026жж аралығын қамтиды.