УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ БАСТАМАСЫН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ
Алматы қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының ғылыми және академиялық қауымдастық өкілдерімен кездесуі өтті. Жиынға ректор Жанар Темірбекова бастаған университетіміздің делегациясы да қатысты.
Іс-шара Премьер-Министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаева жетекшілігімен өтті.
Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің ғылым мен жоғары білім саласына ықпалы талқыланды. Адами капиталды дамытуға басымдық беру білім мен зерттеулерге инвестицияларды стратегиялық деңгейде бекітіп, университеттердің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар деректерді қорғау нормаларын жетілдіру цифрлық сервистерді дамытуға, жасанды интеллектіні енгізуге және ғылыми жобалардың ауқымын кеңейтуге негіз болмақ.
Университеттердің экономикалық серпін орталықтары ретіндегі рөлін күшейту, технологиялық командалар қалыптастыру және стартаптарды қолдау мәселелері де назарда болды.
Алдағы референдум ғылым, технология және кадр даярлау саласындағы ұзақ мерзімді шешімдердің легитимдігін қамтамасыз ететін маңызды қадам ретінде бағаланды.