УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ЖАҢА ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

  • 04.04.2024
  • KZ

image

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінде Ғылыми педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу орталығының ашылу салтанаты өтті. 

Ғылыми педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу орталығының мақсаты –  жаңа Қазақстан жастарының салауатты өмір салтына бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге волонтерлік іс-әрекетті ұйымдастырудың моделін әзірлеу және оны жүзеге асыруда білім беру үдерісіне қатысушылардың әлеуетін арттыру,  волонтерліқ іс-әрекетті дәріптеу, оны ұйымдастыруға бағыт-бағдар беру.

Жаңа орталықтың  ашылу рәсіміне Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы С.Абжалов, «Журналистика» кафедрасының доценті С.Садыков, «Педагогика және психология» кафедрасының кафедра менгерушісі А.Рысбекова және факультеттің белсенді студенттері мен еріктілері қатысты.

Ғылыми педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу орталығы «Жаңа Қазақстан жастарын салауатты өмір салтына бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге волонтерлік іс-әрекетті ұйымдастыру» атты ғылыми жоба аясында құрылды. Жоба жетекшісі – профессор, п.ғ.д Ж. Торыбаева, ал жоба орындаушылары – магистр-оқытушы Д.Жарқынбаева және «Педагогика және психология» кафедрасының 1-курс докторанты А. Қуанышбаева.

Орталықтың негізгі құндылықтары: 

Жастардың салауатты өмір салтына бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету; 

Білім беруді ұйымдастыруда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру; 

Білім беру ұйымдарында волонтерлік қызметті дәріптеу; 

Жастардың волонтерлік қызметке қатысуын кеңейту;

Волонтерлік іс-ірекетті педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу; 

Айта кетейік, университет базасында ашылған бұл орталық негізі төрт бағыт бойынша қызмет атқарады:

Педагогикалық-психологиялық диагностикалық жұмыстар – тұлғаның потенциалдық қабілеттерін психикалық үрдістердің даму деңгейін, сондай-ақ әрі қарай дамуды болжау немесе тиісті психологиялық түзету мақсатымен эмоционалдық тепе-теңдікті анықтауға бағытталған зерттеу жұмысы. Жастарды СӨС-ке бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету мақсаттарына сәйкес деректер жинау, алынған нәтижелерді өңдеу және талдау, шешім қабылдау (диагноз және болжам).

Педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары – тұлғаның кейбір келеңсіз сапалары мен көріністерін түзетуге бағытталған, жастарды СӨС-на бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша  жүргізетін жүйелі іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы. Кәсіптік бағдар-мамандық пен қызмет таңдаудағы қолайлысын табуды мақсат еткен, тұлғаның икемділіктері мен қабілеттерін анықтауға бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-шаралар кешені.

Педагогикалық-психологиялық кеңес беру  жұмыстары – тұлғаның жеке денсаулығы мен СӨС-на бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге байланысты қажетті психологиялық-педагогикалық кеңес беру, бағыт-бағдар көрсету жұмыстары.   

Педагогикалық-психологиялық профилактикалық алдын-алу жұмыстары – психологиялық және педагогикалық үдесістерде болатын кемшіліктердің, жағдайлардың, жеке тұлғаның оқшаулануы мен жекелік қасиеттерінің ауытқу белгелерінің, білімдік ортада зорлық-зомбылықты болдырмау, зиянды іс-әрекетке бой алдыру себептерін айқындау бойынша жұмыстар жасалынып, аталған жағдайлардың қайта болдырмау мақсатында ұйымдастырылады.

Педагогикалық-психологиялық ағарту жұмыстары- Жаңа Қазақстанды құру мақсатында салауатты өмір салтына бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша  волонтерлік іс-әрекетті дәріптеу, еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында ғылыми ізденулерді,  болашақ мамандардың кәсіби жетілуіндегі әлеуметтену үдерісіне бағытталған ағартушылық жұмыстарды жүргізу.