❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

«ҰЛТТЫҚ КИІМ ТАРИХЫ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

  • 19.02.2026
  • KZ
  • 30

image

Университетімізде «Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету» бөлімі мен «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім тарихы» атты танымдық кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты - білім алушыларға түркі тілдес халықтардың ұлттық киімдерінің шығу тарихын, қалыптасу кезеңдерін, аймақтық және мәдени ерекшеліктерін таныстыру арқылы ортақ тарихи тамыр мен рухани құндылықтарды дәріптеу.

Жиын барысында қатысушылар өз елдерінің дәстүрлі музыкалық мәдениетін де кеңінен таныстырды. Түркі мемлекеттерінен келген студенттер ұлттық аспаптарда өнер көрсетіп, домбыра, қобыз және өзге де халықтық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен дәстүрлі әуендерді орындады. Бұл көрермендерге әр халықтың рухани мұрасы мен өнерінің ерекшеліктерін тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, танымдық кеш жастардың ұлттық сана-сезімін нығайтып, мәдени мұраға деген құрметін арттыруға және түркі халықтары арасындағы рухани сабақтастықты насихаттауға бағытталды.