КЛИНИКАМЫЗДА ОҚУ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

  • 15.05.2023
  • KZ

image

Университетіміздің Клиника-диагностикалық орталығында өзіндік дербес Оқу-зерттеу және қызмет көрсету зертханасы ашылды. КДО басшысы Мехмет Зия Генчер мырза мен командасының жігерлі еңбектерінің арқасында Клиниканың өзіндік заманауи лабораториясы ашылып, КДО емделушілері үшін өз қызметін бастады.

Аталған зертхана, Жалпы қан анализі, Жалпы зәр анализі, Қанның биохимиялық және гормондық талдаулары бойынша нәтижелерді беретін құрылғылармен жабдықталған. Сонымен қатар, құрамында бір дәрігер-лаборант және бірнеше кіші медициналық қызметкерлермен толыққан зертхана білікті мамандар тарапынан сапалы медициналық қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта, университет зерттеушілерінің зерттеу жобаларына қажетті қан талдаулары бойынша анализ жасап, нәтижелерін ұсынушы оқу-зерттеу лабораториясы болып, ғалымдарға өз қызметтерін ұсынатын болады.