❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

Кибербуллинг және онлайн қорлау – көзге көрінбейтін зорлық-зомбылық

  • 20.02.2026
  • KZ
  • 172

image

“Конституциялық құқық және азаматтық құқық” кафедрасының PhD, аға оқытушысы Нартай Ажар Нартайқызының ұйымдастырумен ЗХҚ-311 тобының 3 курс студенттері үшін «Кибербуллинг және онлайн қорлау – көзге көрінбейтін зорлық-зомбылық» тақырыбында өзекті іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – кибербуллингтің құқықтық және психологиялық салдарын түсіндіру, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
Іс шараның құрметті қонағы психолог Абат Аружан, іс шара барысында тренинг өтті.
Іс-шара барысында кибербуллингтің түрлері, оның зардаптары мен заңнамалық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, психологтың қатысуымен тренинг өтіп, студенттер онлайн агрессияға дұрыс жауап беру және эмоциялық тұрақтылықты сақтау дағдыларын жетілдірді.

Іс-шара мазмұнды әрі пайдалы өтіп, студенттердің белсенді қатысуымен ерекшеленді.