❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Университетіміздің түлегі Мадияр Алипов Түркістан қаласы әкімінің орынбасарлығына тағайындалды.

  • 24.02.2026
  • KZ
  • 269

image
Университетіміздің 2008 жылғы түлегі Мадияр Алипов Түркістан қаласы әкімінің орынбасарлығына тағайындалды.
Мадияр Бақтыбайұлы 1987 жылы 4 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Мемлекеттік қызмет саласында 18 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман.
Еңбек жолын Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында маман болып бастаған.
Сонымен қатар, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасында бөлім басшысы,
басқарма басшысының орынбасары,
Түркістан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Осыған дейін Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси мониторинг бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Мадиярға университет және Түлектер қауымдастығы атынан қызметте абырой, биік бедел, мықты денсаулық тілейміз!
Біздің түлек-біздің мақтанышымыз!