❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

«Сталкинг және кибербуллинг: Жеке кеңістікті қорғау»

  • 17.02.2026
  • KZ
  • 2484

image

Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде PhD, доцент м.а. Абдуллина Гүлжан Темиршаровнаның ұйымдастыруымен ГБП-511 тобы студенттеріне арналған «Сталкинг және кибербуллинг: Жеке кеңістікті қорғау» атты маңызды іс-шара өтті. Қазіргі цифрлық заманда смартфон тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік аймағына айналып отыр. Шара барысында студенттерге сталкинг ұғымы, яғни аңду мен қудалаудың мәні түсіндіріліп, көңіл білдіру мен жеке кеңістікті бұзудың айырмашылығы талқыланды. Сонымен қатар кибербуллингтің алдын алу жолдары қарастырылып, желідегі агрессия мен шабуылдарға қалай төтеп беру керектігі айтылды. Студенттерге жеке шекараны қорғау, аккаунт қауіпсіздігі және цифрлық гигиенаның негізгі қағидалары туралы маңызды ақпарат берілді.

Шара қорытындысында Гүлжан Темиршаровна сталкингтің романтика емес, керісінше құқық бұзушылық екенін атап өтті. Егер біреу рұқсатсыз аңдып, жалған аккаунттар арқылы жазып немесе геолокацияны бақыласа — бұл қудалау болып саналатынын жеткізді. Ал кибербуллинг — жай ғана «өзгеше пікір» емес, желідегі қорқыту, беделге нұқсан келтіру немесе моральдық қысым көрсету екенін түсіндірді.

Іс-шара жастардың цифрлық қауіпсіздігін арттыруға және құқықтық сауаттылығын нығайтуға бағытталды.