ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ БАСТАЛДЫ

  • 08.04.2024
  • KZ

image

Университетіміздің  ректоры Жанар Темірбекова мен Түркістан облыстық сотының төрағасы м.а Айдос Султанов өзара ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды. Аталған меморандум аясында Экономика, басқару және құқық факультетіне қарасты «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша Дуальды оқуты үдерісі басталды.  

Дуальды оқытудағы мақсат – кәсіби білім берудің практикалық және теориялық компоненттері біріктірілген маман даярлау. 

«Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері «Азаматтық іс жүргізу құқығы ІІ» және «Қылмыстық іс жүргізу құқығы ІІ» пәндерін Түркістан облыстық сотының базасында өтетін болады. Студенттерге аталған пәндердің лекцияларын Түркістан облыстық сотының төрағасы м.а. Айдос Султанов бастаған Клара Жаппасова, Аида Байтурова және Талгат Онгарбаев сынды Түркістан облыстық сотының судьялары оқиды. 

Университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практикада жүзеге асырып, сондай-ақ сот істерін сырттай бақылау студенттерімізге үлкен мүмкіндік береді. Ең бастысы – білімгерлердің өндіріске дайын маман болып қалыптасуына көмектесетін болады.  

Айта кетейік, алдағы уақытта Түркістан облыстық сотының базасында «Құқықтану» кафедрасының филиалын ашу жоспарлануда.