❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«Ұстаздықтың шыңы: Пайғамбар (с.ғ.с.) дәуіріндегі тағылым беру жүйесі»

  • 02.03.2026
  • KZ
  • 873

image
Теология факультетінде «Философия» кафедрасының магистр-оқытушысы Кашкинбаев Бекжан мырза «Ұстаздықтың шыңы: Пайғамбар (с.ғ.с.) дәуіріндегі тағылым беру жүйесі» тақырыбында әдістемелік семинарын жоғары деңгейде өткізді.
Семинар мазмұны Теология бағытына терең үндестікпен құрылып, Пайғамбар (с.ғ.с.) дәуіріндегі тәлім-тәрбие үлгісі қазіргі діни білім беру жүйесімен сабақтастырылып жан-жақты талданды. Дәріс барысында ұстаздық миссияның мәні, рухани тәрбие мен білім берудегі даналық әдістер ғылыми әрі практикалық қырынан ашып көрсетілді.
Қатысушылар үшін семинар мазмұнды, тағылымы терең, кәсіби тұрғыда әсерлі кездесу болды. Айтылған ойлар Теология факультетінің білім беру үдерісін жетілдіруге серпін берері сөзсіз.