❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған челлендж!

  • 15.12.2025
  • KZ
  • 292

image

Бүгін біз «Қазақстан – Тәуелсіз ел!» челленджіне қосылып, кітапханамызды көк туымызбен безендіріп, “Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры” атты кітап көрмесін ұйымдастырдық. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухы, тарихы мен айбынының көрінісі. Сондықтан да осы күнгі әрбір іс-шара, әрбір бастама – елімізге деген құрметтің белгісі.

Біздің кітапхана – тек білім ордасы ғана емес, ұлттың рухани кеңістігі. Тәуелсіздіктің мәнін, тарихын, құндылығын ұрпаққа жеткізетін ақпарат орталығы.

Көк байрағымыз – еліміздің тыныштығы мен бірлігінің символы. Осы челлендж арқылы өскелең ұрпақты тарихын құрметтеуге, елдік идеясын биік ұстауға шақырамыз.

#Тәуелсіздіккүні #16желтоқсан #ҚазақстанТуы #КітапханаКүні #Челлендж #Qazaqstan #РуханиЖаңғыру #КөкТу #ҰлтМерейі.