СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

  • 09.04.2024
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызда университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова мен Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драманың театрының басшылығы кездесу өткізді.

Жиынға Театр директоры Арман Әлиев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Дариға Тұранқұлова, Райымбек Сейтметов театрының актрисасы Гүлзада Айтбаева және университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев және Қазақстан Республикасының Мәдениет қайреткері, композитор Әлімбай Ботақараев қатысты.

Кездесу барысында, алдағы уақытта университетімізде театр әртістерінің шеберлік сағаттарын өтуі, дәріс беруі сынды өзекті тақырыптар қарастырылды. Сонымен қатар, университет пен театрдың ортақ жаңа жобаларды жүзеге асыруы, студенттер үшін жазғы мектеп бағдарламасын ұйымдастыру сияқты өзге де ұсыныстар айтылды.

Екі тарап алдағы уақытта болашақ театр мамандарының өз саласының үздігі болуы үшін біріге жұмыс істеп, өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.