❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

Дәстүрлі музыка өнері (халық әні) білім беру бағдарламасы аясында тағылымды шығармашылық кездесу өтті.

  • 12.02.2026
  • KZ
  • 634

image

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті, «Өнер, Медиа және дизайн» факультетіне қарасты Орындаушылық өнер кафедрасының Дәстүрлі музыка өнері (халық әні) білім беру бағдарламасы аясында тағылымды шығармашылық кездесу өтті. Кездесуге біздің 2022 жылғы түлек, қазіргі таңда К.Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университеті (Астана қ), Дәстүрлі музыкалық өнер мамандығы 2 курс магистранты, күйші Қуандықов Нұрдәулет Еркінұлы арнайы қатысып, студенттермен жүздесті.