ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

  • 10.04.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізде Ораза айт мерекесіне орай ОПҚ құрамы, қызметкерлер мен студенттерге дастархан жайылды.

2000 адамға арналған дастархан Орталық асхана, “Тұран” асханасы , Кентау кампусы және Филология факультетінің асханаларында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Яссы колледжінде 250 адамға ас берілді.

Мерекелік дастарханда ректор өкілі Пейами Баттал мен әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев университет ұжымы мен студенттерді мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 

Бұл бастамаға демеуші болған Kaya Türk Group, Rams Qazaqstan, YDA, LBA Catering, Алматы халықаралық әуежайы, «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС, оқу орнымыздың Өкілетті Кеңес басқармасы, Sine Midas Stroy, KZI Bank мекемелері және университетіміздің түлектері “Sultan marketıng generalnıy” компаниясының директоры Аднан Шахин және Түркиядағы бірнеше компаниялардың басшысы Ясин Арслан. 

Барлық демеушілік көрсеткен жандарға өз алғымызды білдіреміз!