ЖАҢА СТУДЕНТТІК ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАНДЫ



Бүгін оқу ордамызда жылдағы дәстүрге сай 2025-2026 жаңа оқу жылының студенттік президент сайлауы өтті.
Айтулы қызметке Филология факультетінің 3-курс студенті Ұлмира Ізбасар сайланды. Айта кетерлігі, сайлауға 2 үміткер қатысып, жалпы саны- 984 адам дауыс берді.
Университет студенттерінің ең көп дауысына ие болған Ұлмира Ізбасардың жеңісі құтты болсын!
Сондай-ақ, Студенттік президент өкілі қызметіне Өнер, медиа және дизайн факультетінің 3-курс студенті Бахадүр Яшар Жансу сайланды.
Студенттік президентке тың бастамалар мен студенттік өмірді жандандыру жолында сәттілік тілейміз!