УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМЫ ШҚО-ДА ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

  • 12.04.2024
  • KZ

image

Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, док., проф. Бүлент Байрам С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне арнайы шақыртумен барды. Филология факультетінің оқытушылары, магистранттары мен студенттеріне «Қазіргі түркі әлеміндегі түркі халықтары», «Түркологиялық зерттеулерге кіріспе», «Фольклор термині және фольклорлық зерттеулердің бастамасы», «Бастапқы кезеңдегі фольклорлық теориялар» тақырыптары бойынша семинар өтті.   

Бүлент Байрам іс-сапар барысында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өткен «Қазақ және әлем тілдері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, «ХХІ ғасыр басындағы түркі тілдерінің әлемдегі ахуалы» тақырыбында баяндама жасады. 

Сондай-ақ, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Білім – ғылым – бизнестің интеграциясы: мәселелері мен болашағы» тақырыбында өткен X Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға да қатысып, пленарлық мәжілісте «Түркиядағы жоғарғы білім беру жүйесі» атты баяндамасын ұсынды. Айта кетейік, бұл конференцияға Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейден ғалымдар қатысты.