❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

АМАЛ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ

  • 14.03.2026
  • KZ
  • 847

image

Амал мерекесіне орай университет басшылығы мен факультет декандары бас қосып, мерекелік жүздесу өткізді. Кездесу барысында қатысушылар бір-бірін мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік жүздесу барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді сақтау және оны жас ұрпақ санасына сіңіру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, халқымыздың мәдени мұрасын қадірлеу, ұлттық болмысты сақтау және ұрпақтар сабақтастығын жалғастырудың маңызын атап өтті.

Басқосуда амал мерекесінің адамдар арасындағы татулықты, бірлікті және ізгі қарым-қатынасты нығайтатын ерекше мереке екенін айтып, барша қауымға амандық, береке және табыс тілектерін жеткізді.